Kitap

Қолданба арқылы сатып алу
2,9
2,43 мың пікір
100 м.+
Жүктеп алынғандар
Контенттің жас шектеуі
Барлығы үшін
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні

Осы қолданба туралы

KITAP қосымшасы – кітаптар мен аудиокітаптардың ең үлкен қоры.
Қосымшада қазақ әдебиетінің жауһарлары мен әлем әдебиетінің үздік шығармалары жинақталған.
Kitap қосымшасын жүктеп алудың ең басты артықшылығы – өзіңізге ыңғайлы уақытта, кез келген жерде оқып, аудиокітаптарды тыңдай аласыз.
Кітаптардың жанры әртүрлі, тақырыбы саналуан. Классикалық шығармаларды оқығаннан ләззат аласыз ба, әлде әлемдік бестселлер кітаптарға қызығасыз ба? Ғылыми-танымдық әдебиет қызықтыра ма, әлде іскерлік бағыттағы кітаптарды көбірек оқисыз ба? Бәлкім, психологияға қызығатын шығарсыз? Әлде, балаларға арналған таңдаулы шығармаларды іздейсіз бе? Мұның барлығын біздің қолданбадан табасыз.
Егер оқудан гөрі тыңдау ыңғайлы болса, аудиокітаптарымыз бар. Сүйікті шығармаңызды кәсіби дикторлардың дыбыстауында тыңдауға болады.
Серуенге шыққанда, сапарда жүргенде немесе жай ғана кезек күтіп отырғанда уақытты тиімді өткізгіңіз келсе, Kitap қосымшасы сенімді серік әрі пайдалы көмекші бола алады.
Абай өлеңдері мен Қара сөздері, поэмалары мен аудармалары, Мұхтар Әуезовтің романдары мен әңгімелері, Бейімбет Майлин мен Жүсіпбек Аймауытовтың үздік шығармалары – қосымшадағы қазынаның бір парасы ғана. Әлемдік бестселлер – «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» және «Анна Франктің күнделігі», «Ғажайып» сынды еңбектерді қазақ тілінде оқып қана қоймай, тыңдай да аласыз.
Қосымшада ұнатқан кітабыңызды Сөреге жинақтауға болады. Кітаптарды жүктеп алуға және достарыңызға жіберуге де мүмкіндік берілген.
Кітаптар мен аудиокітаптар мынадай жанрлар бойынша жинақталған:
• Көркем шығармалар
• Тарихи шығармалар
• Ғылыми әдебиет
• Тұлғалық даму
• Іскерлік әдебиет
• Публицистика
• Романтика
• Психология
• Бизнес
• Ертегілер және т.б.
Жиі қойылатын сұрақтар:
Kitap қосымшасын жүктеп алу маған не береді?
Kitap қосымшасы бүкіл әлем оқып, талқылап жатқан кітаптарды оқуға және оның аудионұсқасын онлайн немесе жүктеп алып тыңдауға мүмкіндік береді.
Kitap-тың басқа қосымшалардан ерекшелігі неде?
• Кітаптар мен аудиокітаптар қорының мол болуы;
• Кітапты сатып алмас бұрын бір бөлігін оқып/тыңдап көру мүмкіндігі;
• Жеке кітапхана жасақтау;
• Кітаптарды жүктеп алу;
• Оқып немесе тыңдап жатқан шығармаңызды тоқтаған жерінен жалғастыру;
• Шығарманың қажет тұсына бетбелгі қою;
• Аудионы алға және кері жылжыту, бөлімдерді оңай ауыстыру;
• Аудионы ойнату жылдамдығын таңдау;
• Кітаптың оқылған/тыңдалған кітап бөлігі пайызбен көрсетілуі;
• Кітап туралы пікір білдіріп, талқыға қатысып, баға беруге болады.
Kitap қосымшасында балаларға арналған шығармалар бар ма?
Әрине! Қосымшада балалар әдебиеті мол. Бір ғана ертегінің 400-ден аса түрі бар. Әрі қор ұдайы толығып отырады. Қосымшада мектеп бағдарламасындағы барлық шығарманың аудионұсқасы жасалған.
Аудиокітаптарды жүктеуге бола ма?
Иә, таңдаған кітапты жүктеп алуға болады. Жүктелген кітаптар Сөреге жиналады.
Жаңартылған күні
2025 ж. 13 қаз.

Дерек қауіпсіздігі

Қауіпсіздік ұғымы әзірлеушілердің деректеріңізді қалай жинап, бөлісетінін түсінуден басталады. Дерек құпиялығы мен қауіпсіздік шаралары қолданбаңыздың пайдаланылуына, аймағыңыз бен жасыңызға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ақпаратты әзірлеуші ұсынды және оны өзгертіп тұруы мүмкін.
Үшінші тараппен ешбір дерек бөлісілмейді.
Әзірлеушілердің деректерді бөлісу бойынша мәлімдемесі туралы толық ақпарат алыңыз.
Бұл қолданба осы дерек түрлерін жинауы мүмкін
Жеке ақпарат, Қолданба туралы ақпарат және өнімділік, Құрылғы немесе басқа идентификаторлар
Дерек шифрланып өткізіледі
Деректің өшірілуін сұрай аласыз

Бағалар мен пікірлер

2,9
2,35 мың пікір
Jasilan Abdurahman
2025 ж. 30 сәуір
ақша салу керек немесе промокот қажает
Бұл пікір 1 адамға пайдалы болды.
Мұны пайдалы деп ойлайсыз ба?
ZHULDYZ Abbas
2024 ж. 16 шілде
Оқушыларға қолжетімді қазақ және әлемдік тілдегі керемет ұсыныс
Бұл пікір 2 адамға пайдалы болды.
Мұны пайдалы деп ойлайсыз ба?
BilimLand LLP
2024 ж. 21 қараша
Пікіріңіз үшін рахмет. Біз сіз үшін қосымшаны жақсартуға тырысамыз.
Kz Time
2024 ж. 19 шілде
Өте пайдалы Қосымша
Мұны пайдалы деп ойлайсыз ба?
BilimLand LLP
2024 ж. 21 қараша
Пікіріңіз үшін рахмет. Біз сіз үшін қосымшаны жақсартуға тырысамыз.

Қолданбаның қолдау көрсету қызметі

Әзірлеуші туралы
BILIM LAND, TOO
support@bilimland.com
Zdanie 55/13, prospekt Mengilik El 010000 Astana Kazakhstan
+7 775 503 8198

BilimLand LLP басқа өнімдері