Math Legend қосымшасы мектеп бағдарламасы аясындағы есептерді тез, әрі ауызша орындауды үйренгісі келетін, достарымен жылдамдыққа және дұрыс шығарып жарысуды қалайтын математиканы сүйетін қауымға арналған!
Қосымша әр-түрлі математикалық тақырыптар бойынша 130-дан астам дағдыны қамтиды: арифметика, пайыздар мен бөлшектер, теңдеулер мен жүйелер, мектепте оқылатын статистика, жақшаларды ашу, геометрия, дәрежелер мен түбірлер және басқа да қарапайым, әрі тиімді әдістер берілген.
Әр дағдыда берілген нұсқаулықта белгілі бір есептің бірте-бірте шығарылу жолы көрсетілген. Сонымен қатар, дағдыларды жаңарту немесе жаңасын қосу туралы әрдайым өз ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді қалдыра аласыздар. Себебі бұл қосымшаны сіз бен біз бірге жасаудамыз!
Қазіргі уақытта қосымшада барлығы 12 тарау бар, әр тарау 10-13 дағдыдан тұрады. Әр дағдыны меңгеру үшін, уақытқа орындау қажет 10 тесттік тапсырма берілген. Тапсырмаларды қаншалықты жылдам орындасаңыз, соншалықты сәйкес көлемде ұпай саны беріледі!
Ойын барысында «Жаңадан бастаушыдан» бастап, «Аңыз адамға» дейін 10 түрлі лауазымға ие бола аласыз.
Өз нәтижелеріңізді жақсартумен ғана шектелмей, Үздіктер Кестесіндегі бүкіл әлем ойыншыларымен де жарысыңыз. Сондай-ақ, достарыңыз бен таныстарыңызды қосып, өзіңіздің жеке таңдаулы ойыншылар тізімін жасай аласыз.
Қосымшаның авторлары сіздермен бұл қосымшаны оқу мен көңіл көтеру кезінде барынша тиімді қолдануға арналған кеңестерімен және жетістіктерімен жиі бөлісіп, жаңа еңгізулер бойынша сіздің пікірлеріңізді сұрап отырады.
Қосымша 13 тілде жұмыс жасайды: қазақ, орыс, ағылшын, қытай, хинди, француз, испан, итальян, неміс, түрік, малай, португал және жапон тілдерінде.
Жазылым: Қосымшаның тегін нұсқасында алғашқы үш тараудың 5 дағдысынан берілген. Барлық дағдыларды үйрену үшін 1 айлық, 3 айлық, 6 айлық, 12 айлық немесе тұрақты жазылымды сатып алыңыз.
Қосымшадағы тараулар:
Қосу және азайту (12 дағды)
Көбейту және бөлу (12 дағды)
Әр-түрлі әдістер I (10 дағды)
Пайыздар мен бөлшектер (13 дағды)
Сызықтық теңдеулер және жүйелер (10 дағды)
Квадрат теңдеулер (11 дағды)
Әр-түрлі әдістер II (12 дағды)
Статистика (10 дағды)
Геометрия (10 дағды)
Әр-түрлі әдістер III (11 дағды)
Теңсіздіктер мен Модульдер (10 дағды)
Жоғарғы сынып математикасы (12 дағды)
Жаңартылған күні
2025 ж. 19 сәу.