5,0
20,5 мың пікір
1 млн+
Жүктеп алынғандар
Контенттің жас шектеуі
Барлығы үшін
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні

Осы қолданба туралы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтының әзірлеуімен жасалынған бұл қосымшада Әбу Ханифа мәзһабының негізінде намаз оқудың фото және бейне үлгілері берілген.

Бұл қосымша Ислам ғибадатының бастауы, діннің дінгегі, иманның нұры, мүміндердің миғражы болып саналатын ерекше құлшылық – «Намаз» жайлы толық әрі жан-жақты мағлұмат беріп, намаздың оқылуын үйретеді.

Намаз – ақыретте ең алғаш сұралатын амал. Осыған орай Әбу Хұрайра (р.а.) мына хадисті жеткізген: «Қиямет күні пенденің амалдарынан ең әуелі есепке алынатыны – намаз. Намазы дұрыс болса, онда пенде қуанышқа бөленіп, игілікке қол жеткізеді. Ал намазы дұрыс болмаса, онда күйзеліске ұшырап, қатты қайғырады. Егер пенденің парыз амалында кемшілік болса, Хақ тағала «Нәпіл амалдары бар ма екен? Сонымен парыздарының кем-кетігін толтырсын» – дейді. Әлгінің басқа амалдары да осы тәрізді есептеледі» (Тирмизи, Сунән, 2/269).
Бүкіл шарттарына сай толық орындалған намаз – Алла тағала жақсы көретін істердің ең мәртебелісі. Пайғамбарлардың сүннеті. Періштелердің ең сүйкімді ісі. Жер мен көктің нұры. Тән саулығының қайнар көзі. Рызық-несібенің берекесі. Дұғалардың қабыл болуына септігін тигізетін себептердің үлкені. Жан алғыш періштеге араша түсетін шапағатшы. Қабір әлемінде Нәңкір мен Мүңкір атты періштелердің азабынан құтқаратын жауап. Қиямет күнінде – жанға сая. Жәһаннам отына тосқауыл қоятын перде. (Қылдан жіңішке, қылыштан өткір) Сират көпірінен жай отындай жарқ еткізіп өткізетін пырақ. Жұмақтың кілті. Жұмақ жұртының киер тәжісі. Алла Тағала мүміндерге намаздан маңызды құлшылық жүктемеген. Егер намаздан артық ғибадат түрі болғанда, Алла тағала құлдарына соны міндеттер еді. Шын мәнінде, періштелердің бір шоғыры ұдайы намаздың қиямында, тағы бір бөлігі үнемі рукуғта, тағы бір тобы сәждеде, енді біреулері тәшәһһуд қалпында құлшылық етіп тұр. Міне, осылайша құлшылықтың хикметке толы қасиеттерін бір рәкағат намазға жинақтап, мүминдерге сыйлады. Ақиқатында, намаз – иманның басы, діннің тірегі, Исламның сөзі әрі мүміндердің миғражы.

Құрметті «Намаз – діннің тірегі» қосымшасының қолдануышылары! Біз алдағы уақытта қосымша қызметін жақсартып, толықтырып отыратын боламыз. Сіздердің жылы лебіздеріңіз, ұсыныстарыңыз бен сын-пікірлеріңіз қосымшаның одан әрі дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Қосымшаға байланысты ұсыныс-тілектеріңізді мына электронды хатқоржынға жолдауларыңызға болады: info@mmuftiyat.kz
Қызметтер:
• Намаз жайлы толық ақпарат
- Намаз кітабы
- Намаз түрлері
- Намаз уақыттары
• Намаз оқу үлгісі
- Фото үлгісі
- Бейне үлгісі
- Жазбаша үлгісі

• Мультимедиа
- Сүрелер мен дұғалар
- Азан және қамат

• Қосымша
- Құбыла анықтау
- Намаз уақыттары
- Намазға қатысты терминдер

Сайт: www.muftyat.kz
Кері байланыс: info@muftiyat.kz
Байланыс телефонымыз: +7(7271)999 866
Мекен-жайымыз: Астана қаласы,
Қошқарбаев көшесі, 33/1
Жаңартылған күні
2024 ж. 21 нау.

Дерек қауіпсіздігі

Қауіпсіздік ұғымы әзірлеушілердің деректеріңізді қалай жинап, бөлісетінін түсінуден басталады. Дерек құпиялығы мен қауіпсіздік шаралары қолданбаңыздың пайдаланылуына, аймағыңыз бен жасыңызға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ақпаратты әзірлеуші ұсынды және оны өзгертіп тұруы мүмкін.
Үшінші тараппен ешбір дерек бөлісілмейді.
Әзірлеушілердің деректерді бөлісу бойынша мәлімдемесі туралы толық ақпарат алыңыз.
Деректер жиналмады.
Әзірлеушілердің деректерді жинау бойынша мәлімдемесі туралы толық ақпарат алыңыз.

Бағалар мен пікірлер

5,0
20,1 мың пікір
Askar Nurgaliyev
2020 ж. 17 мамыр
Ассалаумағалейкүм. Намаз үйренуге өте ыңғайлы бағдарлама. Әзірлеуге атсалысқан жандарға Алла разы болсын!
Бұл пікір 165 адамға пайдалы болды.
Мұны пайдалы деп ойлайсыз ба?
Тазажан Райымбергенова
2020 ж. 25 мамыр
Керемет ұйымдастырылған. Намаз үйренушілерге жете түсінікті етіп жасалған. Алла разы болсын.
Бұл пікір 135 адамға пайдалы болды.
Мұны пайдалы деп ойлайсыз ба?
Азамат Абибуллаев
2022 ж. 1 тамыз
Аллаға сансыз шүкір ♥️
Бұл пікір 4 адамға пайдалы болды.
Мұны пайдалы деп ойлайсыз ба?
Dini Basqarma/ MUFTIYAT
2023 ж. 25 қаңтар
Рақмет! 5 жұлдыз қоюды ұмытпаймыз )))

Жаңалықтар

Жаңа намаз кестесі (2020 ж.)