Борат 2

2020 • 96 минут
R
Рейтинг
Бұл элемент қолжетімді емес.

Осы фильм туралы ақпарат

«Борат туралы келесі фильм: бір кездері даңқты Қазақстан халқының пайдасы үшін американдық режимге орасан зор пара беру» — фильм продюсерлерінің және сценарий авторларының бірі - британдық комик Саша Барон Коенның қатысуымен шыққан Джейсон Уолинердың режиссёр ретіндегі алғашқы кинофильмі. Фильмде басты кейіпкерлер ретінде ойдан шығарылған қазақстандық журналист және тележүргізуші Борат Сағдиев пен Covid-19 пандемиясы және 2020 жылғы президенттік сайлау кезіндегі АҚШ вице-президенті Майк Пенске қалыңдық ретінде ұсынылатын Сағдиевтің қызы Тұтар саналады. Бұл 2006 жылғы "Борат фильмінің жалғасы.
Барон Коэн 2007 жылы өз репертуарынан Борат кейіпкерін алып тастағанын айтқанмен, ол 2019-2020 жылдары сол кейіпте байқалды, түсірілімде көрінді. Бұл оқиғалар Борат туралы екінші фильмінің шығу болжамына әкелді. Жоба ресми түрде 2020 жылдың қыркүйегінде Amazon Studios тарату құқығын алған кезде жарияланды. "Борат-2" фильмі 2020 жылдың 23 қазанында Prime Video-да жарық көрді. Фильм Барон Коен мен Бакалованың ойнаған рөлдері үшін, сонымен қатар американдық мәдениетке түсініктеме бергені үшін сыншылар арасынан мақтау алды.
Рейтинг
R