Осы сериал туралы ақпарат

«Кальмар ойыны» — шытырман оқиғалы боевик, триллер мен драма, аман қалу үшін жанталас жанрындағы оңтүстік кореялық веб-сериал. Режиссері әрі сценарий авторы Хван Доң Хюк. Тоғыз бөлімді сериал ақшаның мұқтаждығына байланысты аман қалу үшін құпия ойынға қатысуға шақырту алған адамдар тобы жайлы баяндайды. 2021 жылдың 17 қыркүйегінде Netflix платформасында сериалдың әлемдік премьерасы болды.