■ PlanMaker
► Excel файлдарына арналған, функционалдығы толық жалғыз Office электрондық кесте бағдарламасы
► Excel электрондық кестелерімен қалаған жерде және қалаған кезде жұмыс істеңіз.
► Жолшыбай жұмыс істеген кезде, бұдан басқа тек дербес компьютерде немесе Mac компьютерінде ғана болатын мүмкіндіктер жинағын пайдаланыңыз.
► Мүмкіндіктердің барлығын дерлік әрдайым тегін қолдануға болады.
Дербес компьютердегі Microsoft Excel немесе PlanMaker бағдарламаларынан таныс толық мүмкіндіктер жинағын PlanMaker енді телефон мен планшетте ұсынады.
Кемшіліксіз үйлесімділік: PlanMaker қолданбасы төл пішімі ретінде Microsoft Office XLSX пішімін қолданады. Осының арқасында мүдіріссіз дерек алмасу қамтамасыз етіледі. Электрондық кестелеріңізді түрлендірмей-ақ Microsoft Excel бағдарламасында аша аласыз.
Смартфондар пен планшеттерде қолдану жолы бірден түсінікті: Смартфонда не планшетте қолданғаныңызға қарамастан, PlanMaker әрдайым мінсіз қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Телефонда қолайлы құрал тақталарын бір-ақ саусақпен қолдана аласыз. Планшетте дербес компьютердегідей таспалармен жұмыс істейсіз.
Жергілікті түрде немесе бұлтқа сақтау: PlanMaker тек құрылғыңыздағы құжаттарды ашуға және сақтауға мүмкіндік берумен шектелмейді, ол Google Drive, Dropbox, Nextcloud және басқа барлық бұлттық қызметтердің көбіндегі файлдарға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
PlanMaker пайдаланушы интерфейсі ағылшын, неміс, француз, испан, итальян және 20-дан астам басқа тілде қолжетімді.
PlanMaker жұмыс үстеліне арналған электрондық кесте бағдарламасының мүмкіндіктерін Android құрылғысында ұсынады. Одан аз мүмкіндіктерге қанағаттанбауыңыз керек.
■ Файлдармен жұмыс істеу
► Жұмыс парақтарын Windows, Mac және Linux жүйелеріне арналған PlanMaker бағдарламасымен ысырапсыз алмастыруға болады.
► Microsoft Excel 5.0 нұсқасынан 2021 нұсқасына дейінгі және Excel 365 жүйесіндегі XLSX және XLS файлдарын еш мүмкіндігін жоғалтпай, сондай-ақ құпиясөзбен қорғап, ашуға және сақтауға болады
► Мәтіндік және CSV файлдарды импорттау және экспорттау көмекшісі
■ Көптеген есеп мүмкіндіктері
► 430 есеп функциясы, 1 миллион қатар, 16384 баған
► Кешенді сандар және массив функциялары
► Автоқосынды, Автокөбейтінді, Автотолтыру, т.б.
► Сыртқы сілтемелер
■ Өңдеу және пішімдеу
► Шартты пішімдеу
► Үлгі бойынша пішімдеу, жиектер, көлеңкелеу, толтыру үлгілері
► Ұяшық мәнерлері
► Енгізу өрістері, ашылмалы тізімдері, т.б. бар формалар
► Синтаксисті бөлектеу
► Енгізуді тексеру (деректерді тексеру)
► Парақтарды, жұмыс кітаптарын және құжаттарды құпиясөзбен қорғау
■ Деректерді талдау
► Автосүзгі
► Кестелер – жұмыс парағының жылдам пішімдеуге, өзгертуге және талдауға болатын белгіленген аймақтары
► Жиынтық кестелер
► Сценарийлер
► Деректерді топтау (құрылым)
► Транспорлау
► Мақсатты мәнін іздеу құралы
► Детектив ("формулалар аудиті") — ақаулықтарды жоюға арналған
■ Кең ауқымды графика функциялары
► Тікелей жұмыс парағында сызба сызу және жобалау
► Excel бағдарламасымен үйлесімді Автокескіндер
► Кескіндерді кірістіру
► Суретті қиып алу, жарықтықты және контрастты өзгерту
► Қаріп әсерлерін жасауға арналған TextArt мүмкіндігі
■ Деректерді көрсету және визуализациялау
► 2D және 3D диаграммаларының 80-нен астам түрі
► Керемет әсерлер: жұмсақ көлеңкелер, дөңгелектелген жиектер, т.б.
■ Басқа мүмкіндіктер
Android жүйесіне арналған PlanMaker бағдарламасының мүмкіндіктерінің барлығын дерлік тегін қолдануға болады. Төмендегі қосымша мүмкіндіктер қымбат емес жазылым арқылы қолжетімді болады:
► Басып шығару
► PDF және PDF/A пішіміне экспорттау
► Құжаттарды тікелей PlanMaker ішінен бөлісу
► Тұтынушыларға тегін қолдау көрсету
Бір жазылым осы мүмкіндіктерді Android жүйесіне арналған PlanMaker, TextMaker және Presentations қолданбаларының барлығында қолдануға мүмкіндік береді.
Жаңартылған күні
2024 ж. 11 шіл.