Тест аутизмі бар балалардың жақсару динамикасын бағалау үшін немесе аутизм спектрінің бұзылуы (АСБ) болуы мүмкін балаларды тексеру үшін қолданылады. Тест нәтижелері бойынша балл неғұрлым көп болса, балада аутизм проблемасы соғұрлым ықтимал және ауыр болады.
Тест 4 бөлімнен тұрады:
І. Сөйлеу \ Тілдік Коммуникативтік дағдылар
ІІ. Әлеуметтендіру
ІІІ. Сенсорлық дағдылар \ Танымдық қабілеттер
ІV. Денсаулығы \ Физикалық дамуы \ Мінез-құлқы
---
Әр бөлімде сұрақтар саны әртүрлі. Сұрақтарға жауап берер кезде, бөлімдерді бірізділікпен өткізіп, соңында ұпай санын алыңыз. Мысалы, егер тест нәтижелері бойынша 50 балл жинаған болсаңыз, ал екі айдан кейін қайта тестілеу 40 балды көрсеткен болса, онда динамика оң болады. Тиісті бағалау нәтижесін алу үшін, баламен байланыстағы әр түрлі адамдар тапсырып көргені жөн. Мысалы, бір күнде әкесі, анасы, және оңалту орталығының маманы әр түрлі жауаптар берсе, балл саны сәйкесінше әр түрлі болады. Бағдарлама сол күні орташа балды есептейді және оны диаграммада көрсетеді.
---
"ЕСКЕРТУ! АТЕК сынағы медициналық диагностикалық тест емес!
Қосымша аутизмнің болуын растауға арналмаған.
Дәл диагноз қою үшін мамандарға хабарласу керек"
---
Егер бала 3 жасқа толмаған болса, ATEC тест нәтижелері дұрыс болмайды. Мысалы, бір жасар баладан "4 сөзден тұратын сөйлем айта алады" деп күтуге болмайды. Бұл жастағы 18-30 айлық балаларға арналған тесті өту үшін, келесі сілтеме бойынша өтіңіз
жылдам тест M-CHAT-R