Android Accessibility Suite — Android құрылғысын экранға қарамай-ақ немесе ауыстыру құрылғысымен пайдалануға көмектесетін арнайы мүмкіндіктер қолданбаларының жинағы.
Android Accessibility Suite жинағына мыналар кіреді:
• Арнайы мүмкіндіктер мәзірі: телефонды құлыптау, дыбыс деңгейін және жарықтықты басқару, скриншот түсіру және т.б. үшін осы үлкен экрандық мәзірді пайдаланыңыз.
• Select to Speak: экрандағы элементтерді таңдап, олардың дауыстап оқылуын естіңіз.
• TalkBack экран оқу құралы: ауызша кері байланыс алыңыз, құрылғыңызды қимылдармен басқарыңыз және экрандық Брайль пернетақтасымен теріңіз.
Іске қосу үшін:
1. Құрылғыңыздың "Параметрлер" қолданбасын ашыңыз.
2. "Арнайы мүмкіндіктер" опциясын таңдаңыз.
3. Арнайы мүмкіндіктер мәзірін, Select to Speak немесе TalkBack функциясын таңдаңыз.
Рұқсаттар туралы ескертпе
• Телефон: Android Accessibility Suite телефон күйін бақылай отырып, хабарландыруларды қоңырау күйіне бейімдей алады.
• Арнайы мүмкіндіктер қызметі: бұл қолданба арнайы мүмкіндіктер қызметі болғандықтан, ол әрекеттеріңізді бақылайды, терезе контентін және терілетін мәтінді көре алады.
• Хабарландырулар: осы рұқсатты берсеңіз, TalkBack сізге жаңалықтар туралы хабарландыру жіберіп тұра алады.
Жаңартылған күні
2025 ж. 30 қыр.