Switch Access

3,8
39,7 мың пікір
500 млн+
Жүктеп алынғандар
Контенттің жас шектеуі
Барлығы үшін
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні

Осы қолданба туралы

Телефоныңызды не планшетіңізді ауыстырғыштар немесе алдыңғы камера көмегімен басқарыңыз. Ауыстырғыштарды элемент таңдау, экранды айналдыру, мәтін теру, т.б. үшін қолдануға болады.

Switch Access қолданбасы Android құрылғысын сенсорлық экран орнына бір не бірнеше ауыстырғыш арқылы пайдалануға арналған. Бұл қолданба құрылғыны ұстауға мүмкіндік жоқ кезде пайдалы.

Бастау үшін:
1. Құрылғыда Параметрлер қолданбасын ашыңыз.
2. "Арнайы мүмкіндіктер > Switch Access" тармағын түртіңіз.

Ауыстырғышты реттеңіз.

Switch Access экраныңыздағы элементтерді сканерлеп, таңдау жасалғанша олардың әрбірін ерекшелейді. Ауыстырғыштардың әртүрлісін таңдауға болады:

физикалық ауыстырғыштар;
• USB немесе Bluetooth ауыстырғыштары (мысалы, түймелер, пернетақталар);
• құрылғыдағы ауыстырғыштар (мысалы, дыбыс деңгейі түймелері);

камера ауыстырғыштары.
• Ауызыңызды ашыңыз, жымиыңыз немесе қасыңызды көтеріңіз.
• Солға, оңға немесе жоғары қараңыз.

Құрылғыны сканерлеу

Ауыстырғышты реттеген соң, экранды сканерлеп, ондағы элементтерді пайдалануға болады.

• Сызықтық әдіспен сканерлеу: элементтерді бір-бірлеп сканерлейді.
• Жол-баған сканерлеу: бір қатардағы барлық жолды бірден сканерлейді. Жолды таңдаған соң, тізімдегі элементтерге бөлек тоқтала аласыз.
• Нүктелеп сканерлеу: қозғалмалы сызықтарды пайдаланып, тік және көлденең сызық бойында орналасқан нақты орынды таңдаңыз да, "Таңдау" түймесін басыңыз.
• Топтық таңдау: түрлі түс топтарына бөлек ауыстырғыш тағайындаңыз. Экрандағы барлық элементке түс тағайындалады. Қажетті элемент айналасындағы түске сай келетін ауыстырғышты басыңыз. Қажеттісін тапқанша, топ көлемі кішірейе береді.

Мәзірлерді пайдалану

Элемент таңдалғанда, орындауға болатын әрекеттер (айналдыру, көшіру, қою, т.б.) тізімделген мәзір шығады.
Сондай-ақ экранның жоғарғы жағында құрылғыны басқаруды жеңілдетуге арналған мәзір болады. Айталық, хабарландыруларды ашуға, негізгі экранға қайтуға, дыбыс деңгейін өзгертуге, т.б. әрекеттер орындауға болады.

Камера ауыстырғыштарын пайдалану

Телефонды бет қимылдары арқылы басқару үшін камера ауыстырғыштарын пайдалануға болады. Телефонның алдыңғы камерасын пайдаланып, қолданбаларды шолыңыз не таңдаңыз.
Қажеттіліктеріңізге қарай әр қимылдың сезгіштігі мен ұзақтығын бейімдеуге болады.

Жылдам пәрмендерді жазу

Ауыстырғышқа тағайындалатын не мәзірден қосылатын түрту қимылдарын жазып алуға болады. Түрту қимылдарына екі саусақ арасын қосу/ашу, масштабтау, айналдыру, сырғыту, екі рет түрту, т.б. жатады. Содан кейін бір ауыстырғышпен жиі қолданылатын не күрделі әрекеттерді орындай аласыз, мысалы, электрондық кітаптың екі бетін аудару үшін солға қарай екі рет сырғыту қимылын жазуға болады.

Рұқсаттар туралы ескертпе
• Арнайы мүмкіндіктер қызметі: бұл — арнайы мүмкіндіктер қолданбасы болғандықтан, ол әрекеттеріңізді бақылап, терезе мазмұнын шығара және терген мәтініңізді көре алады.
Жаңартылған күні
2024 ж. 21 там.

Дерек қауіпсіздігі

Қауіпсіздік ұғымы әзірлеушілердің деректеріңізді қалай жинап, бөлісетінін түсінуден басталады. Дерек құпиялығы мен қауіпсіздік шаралары қолданбаңыздың пайдаланылуына, аймағыңыз бен жасыңызға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ақпаратты әзірлеуші ұсынды және оны өзгертіп тұруы мүмкін.
Үшінші тараппен ешбір дерек бөлісілмейді.
Әзірлеушілердің деректерді бөлісу бойынша мәлімдемесі туралы толық ақпарат алыңыз.
Бұл қолданба осы дерек түрлерін жинауы мүмкін
Жеке ақпарат, Хабарлар және тағы 4
Дерек шифрланып өткізіледі
Дерек жойылмайды.
Қауіпсіздікті тәуелсіз тексеру

Бағалар мен пікірлер

3,8
39,2 мың пікір
Rakhat Omirbekuly
2024 ж. 26 сәуір
Керемет
Мұны пайдалы деп ойлайсыз ба?
Rakhat
2024 ж. 21 наурыз
Өте керемет
Мұны пайдалы деп ойлайсыз ба?

Жаңалықтар

Осы жаңа нұсқада қателер түзетілді.